Құрметті ата-аналар!
№ 27 бөбекжайына қош келдіңіздер! Мектепке дейінгі ұйым 1964 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.
12 топтың жұмыс атқаруына есептелген; 8 топ мемлекеттік тілде, 4 топ орыс тілде оқытылады.
Иеленіп отырған жалпы аумағы: 3107,1 ш.м.
Жобалық қуат300 баланы құрайды.
Уәкілетті орган –Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ
Мектепке дейінгі ұйымның ішкі қызмет тәртібін реттейтін құрылтай құжаттары:
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 2006 жылғы 01қаңтардағы № 231-1937-01 ГП.
Білім беру ұйымының Жарғысы: 2021 жылғы 25тамызда №401 бекітіліп, әділет органдарында тіркелген.
Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 1891 қаулысының негізінде жер учаскесін пайдалану құқығы берілген.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 12-193-027-3451, жер учаскесінің алаңы – 0,9342 га.
Соңғы аттестаттау өткізілген жыл: 2023 жыл.
Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс режимі: аптасына бес күн, жұмыс уақыты 7:00-ден 19:00-ге дейін. Бөбекжайда балалар үшін 5 мезгілдік теңгерімді және тиімді тамақтану ұйымдастырылған.
